Суббота, 07 Декабрь 2019 13:41

Түркістан: келестік кәсіпкер әйел бизнесін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Отбасының берекесін ұйытып, бала өсіріп, жар күтетін әйел – ел экономикасына үлес қосу бағытындағы ауқымды жұмыстарда да өте белсенді. Әсіресе кәсіпкерлік жұмыстарында бақтары мен іскерлігін ұштауда қыз-келіншектер тартынып жатқан жоқ. Жалпы еліміздегі нәзік жандылар бизнес саласын сәтті игеріп жүр. Бұған мемлекеттен берілетін жеңілдіктердің көмегі тиіп жатыр. Соның бірі Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұратын Әйгерім Мамытбаева.

2017 жылы «Әйгерім тәттілері» деп аталатын шағын кондитерлік орталық ашып, бүгінде жалпы ауданның 9 қыз-келіншегін жұмыспен қамтыған. 1986 жылы Абай ауылында туылған Әйгерім Мамытбаева, 2005 жылы Ашировтар әулетіне келін болып түседі. Жоғары білімді, мамандығы химия және биология пәндерінің мұғалімі. Кареьрадан отбасылық өмірді үстем қойған келін Әйгерім бүгінде жолдасы екеуі 5 бала өсіріп отыр. Бала күтімімен шектеліп қалмай, үйінде тәтті өнімдерін пісіріп жүріп, көптің ықыласына бөленеді.

Сол көптің қолқа салуымен 2017 жылдың басында Шымкенттегі кондитерлік курстардың біріне барып, кәсіби шыңдалады. Содан аталған кәсіпкерлікпен айналысып, бүгінде белгілі бір мамандығы жоқ немесе бала күтімімен үйде отырған қыз келіншектерді аталған кәсіпке баулып, жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде күніне аталған кәсіпкерлік нысанынан 1000 – 2000 мыңға жуық тәтті күлшелер, 20-30-ға тарта торт өнімдері өндіріліп, ауыл халқының дастарханына жол тартуда. Сонымен қатар «Әйгерім тәттілері» кондитерлік орталығында ай сайын, ауданның 50 ге тарта қыз-келіншектері аталған кәсіптің қыр-сырын үйренуде. Әйгерім Мамытбаеваның алдағы мақсаты, мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау жол картасы аясында несие алып, кәсібінің ауқымын одан әрі үлкейтуді жоспарлап отыр.

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 1346 times