Суббота, 23 Ноябрь 2019 10:10

Түркістан облысы: Жетісай ауданы бақша өнімдерін 276,7 пайызға артық орындап, облыста үздік атанды

Шыбық шаншысаң, шынар өсетін Жетісай өңірінің шаруалары үшін биыл өте қолайлы жыл болды. Олай дейтін себебіміз, аудан Түркістан облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай өткізілген «Алтын күз-2019» мерекесі аясында «Бақша» өндіруші және «Жылына бір жерден 2-3 рет өнім алу» номинациялары бойынша Жетісай ауданы облыс бойынша ең үздік ауданы болып табылды. 

Сонымен қатар «Ынтымақ-10» шаруа қожалығының басшысы Тұрсынбеков Хамит Нариманұлы облыс бойынша "Ең үздік көкөніс өндіруші" номинациясына ие болған болса, "Ең үздік ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы" номинациясы бойынша Ермекбаев Касымхан Маратұлы облыс әкімінің және ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапатталып отыр.

Ауыл шаруашылығында аянбай еңбек етіп жүрген бірнеше ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріде облыс әкімінің және ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапатталып отыр.

Қосымша айта кететін болсақ, биыл Жетісай ауданы бойынша бақша өнімдері (қауын, қарбыз) 15749,0 мың гектар жерге егілсе, одан 436048,6 мың тонна өнім алынса, алынған өнімнің орташа центнері 276,7 пайызды құраған.

Ал, көкөністер бойынша (оның ішінде: ерте егілген қырыққабат, дәндік жүгері,күріш) дақылдары 4491,0 мың гектар аумаққа егіліп,одан 120583,4 мың тонна өнім алынған, алынған өнімдердің орташа центнері 268,5 пайызды құраған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 558 times