Понедельник, 25 Ноябрь 2019 13:22

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданы астық өндіруден алға шықты

Қазығұрт ауданының ауыл шаруашылығы еңбекерелері ағымдағы жылды зор табыстармен қорытындылады. Аудан «Агроөнеркәсіп кешені» даму бағдарламасы бойынша облыста үшінші орынды иеленсе, ал астық өндіруден бірінші орынға шығып отыр. Толағай табыстарға жеткен диқандар мен шаруалар аудан орталығында жәрмеңке өткізіп, «Алтын күз» мерекесін тойлады. 

Жергілікті диқандар қырманды астыққа толтырып, жеміс-жидек, бау-бақша, көкөніс дақылдарын өндіруде еселі еңбек атқарды. Осындай толағай табыстарға жеткен аудан еңбеккерлері «Алтын күз» мерекесін тойлады. Шаруалар мен диқандар алдымен жергілікті жұртқа жәрмеңке ұйымдастырыпонда өздері өсірген өнімдерін жергілікті тұрғындарға базар құнынан төмен бағада саудалады.

Бұдан кейінгі салтанатты шара Өнер мектебінің кең залында жалғасты. Жиын барысында аудан басшылығы ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен еңбеккерлерін мерекемен құттықтап, табысқа жеткен озаттарды марапаттады.

«Биыл агросалада атқарылға жұмыстар ауқымыды. Мәселен, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы өнімдері 34 миллиард 817 миллион теңгені құрады. Ағымдағы жылы 84 мың 500 гектар  егістік алқабы игерілді. Мақсарыдан 8600 тонна, бақшадан 3 мың, көкөністен 12600 тонна өнім жиналды» - дейді Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 673 times