Вторник, 26 Ноябрь 2019 14:17

Түркістан облысы: Жетісай ауданында «Ырыстан» қаржы алып, ырысын арттырғандар көп

Жетісай ауданы бойынша 230 жоба мақұлданып, “Ырыс” микроқаржы ұйымынан тиісті қаражаттарын алған. Негізгі табысы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығынан түсетін Жетісай ауданында жыл басынан бері 230 жоба мақұлданып, 539 млн 360 мың теңге қаржы таратылған. 

Жобалардың 21-і, яғни 150 млн 300 мың теңгесі мал шаруашылығы бойынша берілсе, 389 млн 60 мың теңгені құрайтын 209 жоба көктемгі егін егу және жиын-терім жұмыстарына берілген. “Ырыс” микроқаржы ұйымы тарапынан мақұлданған жобалардың ішінде 5 млн теңгені құрайтын 3 жоба “Жас кәсіпкер” бағдарламасы аясында өз ісін бастаушыларға, 2 млн теңгені құрайтын 1 жоба авточехол қаптау ісіне, 2 млн теңгелік бір жоба кондитерлік өнімдерді шығаруға және 1 млн теңгелік 1 жоба қолөнер бұйымдарын жасауға берілген.

Айта кетейік, аудандағы тіркеуге алынған 15286 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 10156-сы шаруа қожалықтары болса, 4190-ы – дара кәсіпкерлер, ал 940-ы заңды тұлғаларды құрайды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 569 times