Вторник, 26 Ноябрь 2019 14:23

Түркістан облысы: Жетісайда жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Жетісай ауданындағы жолдарды биыл орта және күрделі жөндеуден өткізу үшін 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 136 шақырым жол жөндеуден өткізілуде. 

Жалпы, аудан бойынша 17 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 5 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақты айта кететін болсақ, Жетісай ауданы бойынша орта жөндеуден өткізуге аудандық маңызы бар 5 жолдың және 192 ішкі көшенің сметалық құжаттамалары жасақталған. Жалпы құны 2 млрд. 846 млн. 344 мың теңгені құрайды. Оған қоса аудан бойынша ұзындығы 141 шақырымды құрайтын 291 топырақ көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалары жасалынып, жалпы құны 872 млн. теңгені құраған. Одан бөлек 2019 жылдың соңына дейін Жетісай қаласы бойынша 32 көшеге орта және ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ал Жетісай ауданы бойынша 116 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұлардың ішінде 67 көшеге асфальт төселсе, 49 көшеге тас төселген. Қазіргі таңда аталған жұмыстардың 70 пайызы орындалған. Жыл соңына дейін толық аяқталатын болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 645 times