Түркістан: Шардараның жаңа әкімі жұмысын қаланы аралаудан бастады
Түркістан облысы Шардара ауданының су жаңа әкімі Қайрат Жолдыбай өзінің әкімдік қызметтегі алғашқы жұмыс күнін шағалалы Шардарадағы бірқатар нысандарды аралаудан бастады.
Түркістан облысы Шардара ауданының су жаңа әкімі Қайрат Жолдыбай өзінің әкімдік қызметтегі алғашқы жұмыс күнін шағалалы Шардарадағы бірқатар нысандарды аралаудан бастады.
Бүгін Түркістан облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында медиаторлардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы жиын өтті. Жиынды облыстық ҚХА төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Ғ.Рысбеков ашып, медиация саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Жетісай ауданы Қазыбек би ауыл округіне қарасты Қазыбек би ауылының №6 кітапханасында балалар және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Ұрпақ тәрбиесі - ұлағатты іс» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың бойына адамгершілікті қалыптастыру, ұрпақ тәрбиесі - ұлағатты іске баулу.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің мамандары Арыс қаласындағы 8-ші секторда төтенше жағдайдан зардап шеккен арыстықтарға 100 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы алу бойынша 645 отбасы, 3020 тұрғыннан құжаттар жинақтап үлгерді. Бұл туралы секторға жауапты аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков хабарлады.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. ҚР Үкіметінің басшысы өңірлік штабтар жұмысын тексеріп, «Көктем-1», «Көктем-2» ықшам аудандарындағы тұрғын үйлердің, мектеп, балабақша, темір жол вокзалы ғимараттарының, қалалық аурухананың қалпына келтірілу қарқынын көрді. ҚР Премьер-Министрі сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Түркістан облысының штабында Асқар Маминге Арыс қаласының тұрғындарына 100 мың теңгеден өтемақы төлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
Қазіргі таңда Медициналық сақтандыру қорына еліміз бойынша 186,2 млрд. теңге көлемінде жарна аударылған. Жинақталған жарнаның 5,7 пайызы Түркістан облысының үлесіне кіреді. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталып, 2020 жылдан бастап МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Бұл туралыТүркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев мәлімдеді.
Италияның Неаполь қаласында ХХХ дүниежүзілік универсиада өтіп жатыр. Аталмыш додада дзюдадан абсолюттік салмақ дәрежесінде Қазақстан тұңғыш алтын медаліне қол жеткізді.
Бүгін №4 сектор штабында Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша брифинг болды. Оған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-минстрі Қайырбек Өскенбаев, облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков, Қорғаныс минстрлігінің өкілі Қайыргелді Хусайнов, Облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай қатысты.
Бүгін Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен жиын өтті. Мәжілісте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, барлық секторда құрылыс қарқынды жүріп жатыр.
Бүгін аудан әкімі Н.Тұрашбеков аудан орталығында соғылып жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылысын аралап, сапасын тексерді.