Түркістан: арыстықтарға арналған гуманитарлық жүктерді қабылдау тәулік бойы жүргізіліп жатыр
Арыс халқының басына түскен қиын жағдайға алаңдаушылық білдірген ел азаматтары барынша көмек қолын созуда. Оған еліміздің өзге өңірлерінен келіп жатқан гуманитарлық көмек заттары дәлел. Қазіргі таңда Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Алматыдағы отандастарымыздың жіберген түрлі материалдық заттары Шымкент қаласы, Ынтымақ шағынауданындағы сауда-логистикалық орталығы мен «Нұрсәт» шағынауданындағы «Көрме» орталығына жеткізілген.