Суббота, 17 Ноябрь 2018 08:31

Түлкібаста қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша семинар өтті

«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында «Латын негізді әліпби мен емле ережесі туралы насихат» жобасы бойынша көпшілікпен талқылау мақсатында «Тіл- Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының кеңесшісі - Оразкүл Асанғазы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы - Бекжан Әбдуалиұлы және Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры - Жазира Ағабекова жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына келіп, аудан тұрғындарына семинар өткізді.

Семинар барысында «Тіл- Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директорының кеңесшісі – Оразкүл Асанғазықызы «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғы шарттары» тақырыбында баяндама жасап, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, семинар барысында сөз алған Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры - Ағабекова Жазира Ағабекқызы латын әліпбиінің бекітілген мәтінін семинарға қатысушыларға толық ашып, қолданысқа ену кезеңдерін түсіндіріп өтті. Кезекті сөз алған Л.Н.Гумилов атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы - Бекжан Әбдуалиұлы Қазақ халқы тілінің тарихына тоқталып, қазақтың ұл-қыздарының есімдерінің дұрыс жазылуы аясында әңгіме өрбітті.

Семинар пікір алмасумен жалғасып, келген қонақтарға аудан тұрғындары тарапынан семинар тақырыбына сай сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Семинарды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев келген қонақтарға өз атынан және аудан тұрғындары атынан алғыс айтып, алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, семинар өткізуге ауданға арнайы ат басын бұрып келген қонақтар мен аудан тұрғындары ауданның қол өнер шеберлерінің көрмесін тамашалады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 879 times