«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Түркістан облысындағы Мырзашөл өңірінде құрылатын балаларға арналған ақпараттық-білім беру орталығында:Балаларды «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңымен таныстыру;ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсаттары мен оны жүзеге асырудың жай-күйімен таныстыру;Жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы туралы ақпарат беру және басқа да іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сонымен бірге «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Балалар құқығы» жазғы мектебінде балалардың құқықтары мен міндеттері туралы сабақтар жүргізіледі.
Түркістан облысының Мырзашөл өңіріндегі Ақпараттық-білім беру орталығы және «Балалар құқығы» жазғы мектебінің орналасатын жері – Жетісай ауданының Асықата кенті. Мырзашөл өңіріндегі Ақпараттық-білім беру орталығы және «Балалар құқығы» жазғы мектебінің ашылу мерзімі – 2019 жылғы 12 шілде.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»