Керуен шерудің берілген шарттарына сәйкес Сарыағаш ауданының Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта мектебінен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім, жартылай жетім 10 оқушы қатысты. Бес күн бойы тарихи өлкелерді аралады. Бірінші күні Әзірет-Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорының музейімен танысты. Екінші күні Түркістан-Кентау бағыты бойынша «Үкаша-ата» кесенесіне барды. Оқушыларға арнап Түркістан қаласындағы Жеңіс саябағында сурет салу, түрлі ойын-сауық ойындары ұйымдастырылды. Үшінші күні Түркістан-Отырар бағыты бойынша «Арыстанбаб кесенесі», «Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін» аралады. Түркістан қаласындағы Есімхан алаңында Түркістан облысының құрылуына 1 жыл толуына орай өткізілген шоу-концертін тамашалады.
Төртінші күні Түркістан Сауран бағыты бойынша құм жұтқан - Сауран қалашығымен танысты. Түркістан қаласындағы «Мегасити-Түркістан» ойын-сауық орталығына саяхат жасады. Бесінші күні керуен-шерудің шарты бойынша фотоэтюд-әрбір баға жетпес жәдігердің тарихына үңіле келіп, суретке түсіріп, фотоалбом жасады, сөзжұмбақтар сайысы (тарихи өлкелерден көрген өз әсерін сөз шеберлігімен жеткізу), сұрақ-жауап сайыстары өткізілді. Ауданымыздан керуен-шеруге қатысқан оқушыларымызға сертификаттар берілді, өздерінің шығармашылық қабілетін көрсете білген оқушыларымызОспанова Жаркынай 1 дәрежелі диплом және Шигапова Ивелина 3 дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»