Конкурстық құны 769 936 мың теңгенi құрайтын мектепте бүгінде жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сай жүргізіліп жатыр. Ал, екінші бой көтеріп жатқан «Ы.Алтынсарин» атындағы мектеп құрылысын жергiлiктi әкiмдiк қаржыландырып отыр. конкурстық құны 215 477 мың теңгені құрайтын 60 орындық мектептің бүгінде кiрпiш қалау, шатыр жабу жұмыстары толық аяқталып, құрылыс жұмыстары бекiтiлген өндiрiстiк жұмыс кестесiне сәйкес жүргiзiлуде. Оқу жылының басында пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.
Мұнан өзге №1 М.Әуезов, Қ.Аманжолов және Қызылқұм жалпы орта мектептерiнде күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. «Қай жұмыста болмасын мемлекеттiң әрбiр тиынын тиiмдi пайдалануымыз қажет. Сонымен бiрге алдыңғы кезекте сапаға көңiл бөлiңiздер. Жөндеу жұмыстары кестеден кешiктiрiлмей, дер кезiнде пайдалануға берiлуi тиiс. Жаңа оқу жылында оқушылардың бiлiм алуына ешқандай кедергi болмауы керек», деген Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев нысандардың бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығына оң бағасын беріп, жұмыстың сапасына жіті назар аударуды тапсырды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»