Среда, 28 Август 2019 15:04

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында 6 мектеп пайдалануға беріледі

«Адами капиталды дамытудың көзі ретінде білім беру мазмұнын жаңғырту». Қазығұрт ауданында өткен тамыз конференциясы осылай аталды. Басқосуда білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Қазығұрт ауданындағы білім саласында айшықты істер көп. 31 білім ошағының құрылысы басталып, ағымдағы жылы 6 мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. Заманауи технологиямен жабдықталған ғимараттарда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда. Ел ертеңінің тұтқасы болар жастарға жан-жақты білім беру заман талабы. «Әсіресе, цифрлы ресурстарды игерудің маңызы зор деді. Білім сапасын жақсартуда педагогтардың біліктіліктерін әрқашан арттырып отыру маңызды. Әрі олар курстық дайындықтардан өтіп отырады»,- деді аудан басшысы Төлеген Телғараев.

Конференцияда мамандар өткен оқу жылында атқарылған істерге есеп берді. Болашаққа бағдар жасады. Тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының педагогикалық және инновациялық, робототехника жұмыстарында тілге тиек етті.  

Жиын барысында түрлі тақырыпта баяндамалар оқылды. Оның шінде педагогтардың қазіргі жағдайға орай кәсіби бағдарлай алуы, жастарды көп тілді меңгерген азамат ретінде тәрбиелеу, оқушының тәрбиелеуде мектеп пен отбасының маңыздылығы және рухани-патриоттық тәрбие-тәрбиенің негізі тақырыптары болды. Кеңес соңында білім беру мен тәрбиелеуде нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізген ұстаздарға Құрмет грамоталары табысталды. Арнайы алғыс хаттар берілді. Шара соңында мектеп оқушылары ән шырқап, өнер көрсетті.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 1568 times