Среда, 16 Октябрь 2019 16:14

Шымкентте «Шетелдік тәжірибенің берері мол» атты тақырыпта семинар өтті

Шымкент шаһарындағы Shymkent жоғары педагогикалық колледжінде «Шетелдік тәжірибенің берері мол» деген тақырыпта арнайы семинар өтті. Жиында Малайзия, Түркия елдеріндегі жоғарғы оқу орындарын тәмамдап, сонда жұмыс істеп жүрген қазақ жастары өз ойларымен бөлісті. Басқосуда өзге елдердің білім саласындағы жетістіктері айтылып, мүмкіндіктері түсіндірілді.

Shymkent жоғары педагогикалық колледжінде шетелдік мамандармен қатар, өзге елде оқып жүрген үздік қазақ жастарымен кездесу дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Кезекті шараның мақсаты – колледж студенттеріне шетелдік оқу жүйесін таныстыру, онда білім алуға мүмкіндіктер қарастыру. 

«Осындай игі істің бастамасымен колледжге  келіп отқаныма қуаныштымын. Менің мақсатым –жаһанданған заманда студенттерді жаңа  мүмкіндіктермен таныстыру, өз тәжірибеммен бөлісу. Малайзиядағы біздің оқу орнының білімі жоғары, бағасы тиімді екендігін айтқым келеді» - дейді APU университетінің аймақтық өкілі Айгерім Жұбанышева. Үштілдікті үндеген колледж Англия, Сингапур, Малайзия және көршілес Ресей, Өзбекстан елдерімен тығыз байланыста. Жыл сайын студенттер академиялық ұтқырлық тәсілімен тәжірибе алмасып келеді.  

Shymkent жоғары  педагогикалық колледжінің директоры Гүлнар Ибрагимова: «Мұндай тәжірибе бізде бірінші рет емес. Бұған дейін де Англиялық бірнеше колледждермен байланыста болып, осылай келіп өз тәжірибелерімен бөліскен. Бұл шараларды Елбасының үштілдік саясатын қолдау мақсатында ұйымдастырып тұрамыз» - деді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 595 times