Жоба қатысушылардың танымын кеңейтіп, өресін биіктету мақсатында өткізгелі отыр. Үміткерлер екі кезең бойынша бақ сынайды.
І кезеңде қатысушылар әдеби шығармадан үзіндіні мәнерлеп оқуы қажет. Оны Facebook және Instagram әлеуметтік желісінде эстафета форматында жолдайды. Сондай-ақ эстафетаны Шымкент қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің аккаунттары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ресми аккаунтын белгілеп, #shymkent #RuhaniJangyry #KitapOqypRuhaniBaiBol хештэгтері арқылы жариялауы тиіс.
ІІ кезеңде әлеуметтік желілерде көп лайк жинап, репосттарға ие болған үздік 10 қатысушы келесі кезеңге жолдама алады. Бұл кезеңде қатысушылар арасында әдеби шығарма желісінде дебат өтеді. Арнайы тағайындалған қазылар алқасы үздік шыққан жеңімпаздарды анықтайды. Байқауға қатысушыларға арнайы сыйлықтар беріледі.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»