Нәзір кәсіби қазақ дипломаттарының көшбасшысы, тұғырлы таутұлға болды. Орталық атқару комитетінің жанынан қазақ, өзбек, түркімен бөлімдерін аштырды. Қазақ, өзбек, тәжік тілдерінде оқулықтар жазды. Ұлты үшін басын бәйгеге тікті. Сол үшін де үлкен құрметке лайық!
«Бүгінгі жиын – 10 күндік шараның қорытындысы. Кездесу кеші деп айтылады. Бізге осынау ұлы тұлғаның өмірін насихаттау парыз деп білеміз. Жастар біліп, танып өссін деген мақсатпен қолға алынды. Нәзір ізбасарларын дайындау жолындағы жұмыстар» - дейді Нәзір Төреқұлов атындағы №62 жалпы орта мектебінің директорыӘлия Бимұратова.
Кеште Нәзір Төреқұловты еске алушылар ұлттың ұлы қайраткерін қазақтан шыққан тұңғыш елші және ғалым-ағартушының солақай саясаттың құрбаны болғанын да әңгіме етті. Қазір Шымкенттегі мектепте арнайы мұражай бар. Онда ғалымның өмірі мен қызметін айқындайтын құнды деректер сақтаулы тұр.
Ол жөнінде Нәзір Төрекқұлов мұражайының жетекшісі Болат Бихан: «Бұл – тарихи мұражай. Бұл жерде Нәзір мен Нәзірді қазаққа танытқан Ыбырай қажыға қатысты деректер сақталған. Қуғын-сүргін кезіндегі естеліктер бар» - деді.
Қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған заманда Нәзір Төреқұлов Құрбан айтты үш күн демалыс деп жариялауға, ал жексенбіні жұмаға ауыстыруға күш салғандығын оқушылар мақтанышпен жеткізді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.