Пятница, 08 Ноябрь 2019 09:11

«Тарихы терең Түркістан» ақпараттық туры мәресіне жетті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық туры өз мәресіне жетті. Тамызда басталған сапар барысында журналистер мен блогерлер, желі белсенділерінен құралған топ мүшелері Түркістан облысындағы киелі орындар мен тарихи ескерткіштерді аралап, бабалар рухына тәу етті.

Түркістан облысында  60 тан астам тарихи және мәдени ескерткіш бар. Оның  20-дан астам нысан республикалық маңызы бар қасиетті, киелі жерлер тізіміне енгізілген. «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық саяхаттың мақсаты киелі орындар тізіміне енген нысандарды көпшілікке  таныстыру, насихаттау, танымалдығын арттырып,  ішкі туризмді дамыту. Ұлы дала елінің өткені мен бүгінін рухани байланыстыру. Өткен тарихымызды бүгінгі өскелең ұрпақтың ойына сіңіру.

Журналистер мен белсенділер  сапар аясында  әрбір кесене жайлы халық ауызынан естіп білген тың деректерімен әлеуметтік желілерде  бөлісіп отырды. Айта кетейік,  «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық турды Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Open Kazakhstan» ЖШС ұйымдастырды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 632 times