Ұлт әдебиетінің үш бәйтерегі – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғандарына – 125 және балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай оқырмандарды қазақтың ақын – жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, кітап оқуға тәрбиелеу мақсатындағы байқауда үмцткерлер 2 кезең бойынша сайысқа түсті.
І кезең «Әр оқырман-бір әлем»- С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров шығармалары бойынша қатысушы (11-15 жас аралығындағы оқырмандар үшін) үміткерлер қысқаша буктрейлер жасау, - Б.Соқпақбаевтың шығармаларынан үзінді оқу, көрініс көрсету (7-10 жас аралығындағы оқырмандар үшін), ІІ кезең «Book bingo» Елбасымыздың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «100 кітап жобасы» бойынша ережедегі ақын-жазушылардың шығармаларындағы үзінділер арқылы кітаптың авторы мен атауын табу (11-15 жас аралығындағы оқырмандар үшін), мектеп бағдарламасы бойынша ақын-жазушылардың шығармаларындағы үзінділер арқылы кітаптың авторы мен атауын табу оқу (7-10 жас аралығындағы оқырмандар үшін).
Созақ ауданынан қатысқан екі жас оқырман - Есенқабыл Аянат (М.Маметова атындағы жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы, Бабата ауылы) жүлделі І орынды жеңіп алса, Фазылбек Ақбота (Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы,Шолаққорған ауылы) ынталандыру сыйлығына иемденді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»