Марафонда Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларынан үш мыңға жуық білім және ғылым, бизнес пен медицина, мәдениет және спорт, экономика мен қоғамдық қызметтегі белсенді жастар Елбасы қолдауымен жүзеге асырылған бағдарламалардың арқасында жеткен жетістіктерімен бөлісті. Марафон жас инноваторларды, жас ғалымдарды, бизнесмендерді, спортшыларды және басқа да жас мамандарды қолдауға бағытталған. Аталмыш марафонға Сарыағаш ауданынан Жібек жолы ауылдық округінің жас өрені, Түркістан облыстық «Үздік жас ұлан» номинациясының иегері, №53 М.Ғабдуллин жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Алтынай Бауыржанқызы Маликаждарова қатысып, «ҮЗДІК ЖАС ОҚУШЫ» атанды.
Мұндай марафондардың жастардың дамуына серпін беріп, азамат ретінде қалыптасуына ерекше ықпал етері анық.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.