Понедельник, 18 Ноябрь 2019 10:05

Түркістан облысы: Мақтаарал аграрлық колледжінде «Парасаттылық мектебі» ашылды

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен Мақтаарал аграрлық колледжінде кезекті «Парасаттылық мектебі» ашылып, «Ізгілік елшілері» жобасы қолға алынды. 

Парасаттылық мектебінің мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау. Сонымен қатар Парасаттылық мектебінде парасаттылық, адалдық, әділдік қағидаларын ұстау бойынша сабақтар өткізіледі. Ал «Ізгілік елшісі» – студенттерден құралған еріктілер тобы кіретін, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға, жастарды еріктілікке тартуға көмектесетін жоба. Жобаның мақсаты – адамгершілік пен жанашырлықты дамыту, жас ұрпақты сыйластыққа, жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Расын айту керек, мұндай жобалар жас буынды руханиятқа баулып, олардың бойында адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға зор ықпал ететіні даусыз. Ал рухани өзегі мықты адамды ешқандай жаһанданудың кереғар ағымдары жетектей алмайды.  

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 820 times