«Досан» негізгі орта мектебінің ұжымы ел Президентінің халыққа арналған Жолдауын үлкен ықыласпен қабыл алды. Мемлекет басшысы маңызды құжатта орта білімнің сапасын көтеруді тапсырды. Оқу-ағарту саласының бүгінгі күн талаптарына толықтай сай болуын міндеттеді. Бұл тұрғыда ұстаздар қауымына артылар жүк күшейгенмен, мемлекет тарапынан оларға жасалған қамқорлық та жыл санап артып келеді. «Жолдауда білім сапасын жақсарту мәселесіне көп көңіл бөлінген. Әсіресе ауыл жастарын қолдау, мұндағы кадрлардың біліктілігін арттыру жолдары айтылған. Алдағы қаңтардан бастап күшіне енетін «Педагог мәртебесі туралы» заң да білім саласындағы бірқатар проблемалардың шешілуіне ықпал етеді деп сенгіміз келеді» - дейді «Досан» негізгі орта мектебінің директоры Талғат Әкімбаев.
Динара Рахыметова Кентау қаласында туылған. Жас маман мұнда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында келіпті. Нұр-сұлтан қаласындағы Еуразиялық гуманитарлық білім ордасын бітірген педагог, Президен тапсырмасы аясында ауыл балаларын оқытудың жаңа жүйесін қолға алды. «Елбасының ауылға бағдарламасы аясында осында келдім. Алға қойған мақсатым, ауыл жастарын қолдау. Өзімнің оқып-үйренгенімді, тәжрибемді осы жастармен бөлісу» - дейді ол.Айта кетейік, «Бестоғай» ауылында аудан бюджеті есебінен 100 орындық мектептің сметалық құны бағаланды. Бұйыртса 2020 жылы типтік үлгіде жаңа білім ұясын салу жоспарлануда.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»