«Әсел» балабақшасында жас деңгейіне байланысты бөлінген 7 топ бар. Балаларды сергіту мақсатында мекемеде түрлі сайыстар мен ертеңгіліктер ұйымдастырылып тұрады. Кезекті тақырып – «Алтын күз». Әсем безендірілген сахна, арнайы келген алтын күз ханшайымы бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. «14 тәрбиешіміз өздерінің мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткізілді олар. Бәрі жоғарғы білімді мамандарымыздың. Қәзіргі таңда осы биылғы жылы 2019-2020жылғы оқу жылынды балабақшамызда мына жаңа мемлекеттік стандартымыз бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз» - дейді №10 «Әсел» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Тазагүл Байтұяқова.
Ертеңгілікке күзде өнім беретін дәнді-дақылдардан жасалған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан бөбектер марапатталып, шат-шадыман болды. «Бұл балабақшаны өзімнің анам Сейдманова Құттығыз Көбейқызы осы балабақшада 20 жыл жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Анамның жолын жалғастырайын деп осы ғимаратты өз бақылауыма алып, көмегімді беріп, халыққа өзімнің үлесімді, қызметімді қоссам деп жүрген жайым бар» - дейді құрылтайшы Күмісай Мансурова. Айта кетейік, бүгінде өңірдегі мемлекеттік-жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелерінде 20 мыңға жуық бала тәрбиеленіп, 1700 адам жұмыспен қамтылып отыр.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»