«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында мектеп құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Жалпы аумағы 6949 ш.м. құрайды . Әзірге мұнда 197 бала білім алуда. Дегенмен осы оқу тоқсанында ауылдағы екі мектептегі 80-ге жуық шәкірт жаңа нысанда оқитын болады. «Бүгін қарнақ ауылының тұрғындары үшін өте қуанышты күн. Бұл мектептің балалардың білім алу үшін өте маңызды Ауылдағы екі мектепке сыймаған балалар осы мектепке келіп оқитын болады» - дейді Қарнақ ауылының әкімі Тальят Мадмусаев.
Заман талабына сай жабдықталған білім ұясында балалардың толыққанды білім алуына бар жағдай жасалған. Мұнда салаутты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт зал, арнайы компьютер сыныбы бар. Типтік үлгіде бой көтерген оқу орнының шәкірттері білімге жасалған қамқорлық пен артқан үмітті ақтауға ниетті. «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман». Елбасының осы сөзі жаңа мектепке кіріп, жадыраған шәкірттердің жадында жаңғырып тұр. Аудан билігі де әр жастың алаңсыз білім алуына барын салуда. Себебі, осы арқылы дамыған озат отыздыққа жетелейтін даңғыл жол ашылды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»