Понедельник, 11 Ноябрь 2019 12:57

Түркістан облысы: Түлкібастың барлық білім беру ұйымдарында «Адалдық сағаты» өтті

Түлкібас ауданының барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен бірыңғай жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтті. «Парасаттылық» тақырыбында өткен біріңғай сағатында адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттер түсіндірілді.

Осы құндылықтар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі болып табылады. Аудандық білім мекемелерін қамтыған «Адалдық сағатының» негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Бұл игі бастамада «Nur Otan» партиясының, «Атамекен» ҰКП, ардагерлер алқасының, жастар ұйымдарының аудандағы өкілдері, сондай-ақ, білім беру саласының үздіктері, Парасаттылық елшілері, арнайы мониторингтік топ өкілдері, қоғам белсіндерілері білім алушыларға дәріс оқыды.

Адалдық сағатында лекторлар адам бойында қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығын жан-жақты айтып өтті. Шара барысында адалдықты, парасаттылықты қалай түсінетіндіктері және оны қалыптастыру жөнінде ойларын айтты. Сонымен қатар, оқушылар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып пікір алмасты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Ескерте кетейік, бұл игі бастама дәстүрлі түрде жыл сайын «1 қыркүйек – Білім күнінде» басталып, оқу жылының соңына дейін жүйелі түрде әр тоқсанның басында қоғам белсенділерін қатыстыра отырып өткізілетін болады.

    «AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 845 times