Вторник, 19 Ноябрь 2019 13:10

Түркістан облысы: Мырзакелді Кемел жетісайлық жастармен жүздесті

Туған жерге табан тіреген ғалым, академик Мырзакелді Кемел туған жерінің жастарымен жүздесті. Жастарға «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауын кеңінен түсіндірді. 

Жетісай топырағының тумасы, академик-ғалым Мырзакелді Кемел Жетісай ауданына жасаған сапарын «Жанықұл» медициналық колледжі ЖШС студенттерімен жүздесуден бастады. «Жалын» қоғамдық бірлестігі мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен кездесуге колледждің ұстаздары мен студенттері, ауданның белсенді жастары қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауын кеңінен түсіндіріп, насихаттаған академик-ғалым қоғам дамуындағы білім мен ғылымның, медицина саласының маңыздылығы мен жауапкершілігіне тоқталып, үнемділікке бой үйретіп, ысырапшылдықтан арылуға шақырды. «Бүгінгі ғаламтор дамыған заманда телефон мен компьютерге тәуелділік артып отыр. Ғаламтордың бүгінде пайдасынан зияны көп екенін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сондықтан, жастар, сіздерге айтарым – білімді кітаптан іздеңіздер, бос уақыттарыңызды кітапханаларда көбірек өткізіңіздер. Білімдеріңізді жетілдіріңіздер. Елімізде жастардың білім алуына, өз ісінің білікті маманы болуларына барлық жағдайлар жасалған. Өйткені – бүгінгі жас ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын білікті маман, ұлттың болашағы», - деген Мырзакелді Кемел колледж ұстаздары мен студенттерінің сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында жетісайлық жастар Мырзакелді Кемелдің иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 693 times