Ал Өсерді баптаған ұстазы Асылзат Әметова 2 млн. теңгенің сыйақысын иеленді. Екінші орын да тағы бір созақтыққа бұйырды. Ә.Науайы атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Рәбия Шалтай екінші орынның тұғырына көтеріліп, 600 мың теңгеге ие болса, ұстазы Жазира Сәнкібаева 1 млн. 600 мың теңге алды. Бұл теріскей өңірінде атадан балаға жалғасып келе жатқан өнерге деген дәстүрдің жібі үзілмей келе жатқанын білдірсе керек. Байқау жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов арнайы марапаттады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат