«Бала құқығы». Эссеге арқау болған тақырып осы. Сайысқа қатысуға аудандағы 56 білім беру мекемесінен өтініш түскен. Ұстаз бен шәкірт бірлесе ой қозғап, материалдарын аудандық білім бөліміне электронды түрде жолдаған. Жалпы 250-ге жуық қатысушы мақала жазып, 10 мұғалім мен 20 оқушы үздік, деп танылды. «Бұл эссе Асықата кентінде электронный түрде ұйымдастырылған. Сол жерде Асықата кентінде ақпараттық білім беру орталығында жазыменен Мырзантай Қожабайұлы Жақып ағамыз жұмыс жасады. Жалпы оқушылардың бос уақытын тиімды пайдалану бала құқықтары туралы жалпы осы бойынша жұмыстар жүргіздік» - дейді Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысыМұратбек Серікбаев.
Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес барлық мектептерде балалардың құқықтары мен міндеттері туралы дәріс өтілді. Сондай–ақ, оңтүстік жастарына серпін жобасы аясында солүстік, шығыс өңірлеріне білім алып, жұмыс істеу жөнінде насихат жүргізілді. «Мақтаарал ауданында, Жетісай ауданында биыл жаз бойы жұмыс істедік. Мына жастарға кәсіптік бағдар беру саласында балалардың құқықтарын міндеттерін түсіндіру мақсатында сосын бала еңбегінің ең нашар түрленінің алдын алу мақсатында биылғы жылы жұмыс істедік. Бізді қаржыландырып, арнайы демеушілік көрсетіп отырған ол ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Осы біздің жұмысымызға ықпал еткені үшін Мақтаарал аудандық білім бөліміне, Жетісай аудандық білім бөліміне басшыларына арнайы алғыс айтқымыз келеді. Алдағы кездеде біраз жоспарларымыз бар» - деді «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің директоры Мырзантай Жақып. Шара оқушылардың білім алуға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Себебі, ел болашағы - өзіне сенімді жастардың қолында.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»