Әр мұғалім жеребе тарту арқылы реттік номерін анықтап, 4 кезеңнен тұратын сайысқа дайындалды. Сайыстың бірінші кезеңінде әр оқытушы «Сәлем-сөздің атасы» айдарында өз-өзін ағылшын тілінде таныстырса, екінші «Жүзден жүйрік» кезеңінде билет бойынша берілген тақырыпқа сөйлем құрап, өз ойын еркін жеткізді. Ал, үшінші «Мықты болсаң – озып көр» сайысында берілген мәтінен қалып кеткен сөзді тауып мәтінді қазақшаға аударса, төртінші кезеңде «Өз өнері» байқауында ағылшын тілінде өзінің ән айту, өлең оқу секілді өнерлерін көрсетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша I-орынды 12 мектептің оқытушысы Амирова Раушан мен 14 мектеп Назерке Батырхан иеленсе, II-орынға Абай мектебінен Ұлдана Қасымханқызы мен Қызыл Әскер мектебінің мұғалімі Дильнура Сайфуддинова місе тұтты. III-орын 19 мектеп Салтанат Абдуллаева мен 2 мектеп ұстазы Айнұр Шалбаева мен Салтанат Нарбекова өзара бөлісті. Ал, бас жүлдені В. Вахидов мектебінің мұғалімі Шереханқызы Лаззат қанжығасына байлады. Қалған қатысушылар алғыс хат иеленді. Шараның мақсаты үш тілділікті дамыту жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау сондай-ақ оларды қолдау, тілдік қарым қатынас мәдениет қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаларды тәрбиелеу, дәріптеу болып табылады.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»