Онда балалардың бойында адамзаттық құндылықтар мен жаңаша әдістер негізінде рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жайы сөз болғанын айта кеткен жөн. Түркістан қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен аталмыш іс-шара балаларды ізгілік пен мейірімділікке, әдептілік пен қайырымдылыққа тәрбиелеудегі тәрбиеші мен ата-ананың рөлін нығайтуды көздейтінін айта кетейік. Себебі, бүгінде бала тәрбиесі өзекті мәселе екені айтпаса да түсінікті. Бір күндік семинар аясында балабақшадан келген 70-ке жуық тәрбиешіге теориялық және шеберлік сағаттары өткізілді.
Бұл қыркүйек айынан бері жалғасын тауып отырған төртінші семинар болатын. Жаңашыл бағыт-бағдар беруді көздеген іс-шараның соңында семинар-тренингпен қатар, ой сергітетін ойындар мен тәрбиелік мәні бар бейнероликтер көрсетілді және концерттік бағдарламалар ұсынылды. Өз кезегінде, тәрбиешілер осындай шаралардың жиі өтіп тұрғаны өздерінің біліктілігін арттыруға үлкен септігі тиетінін айтып, үлкен әсерге бөленді.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»