Вторник, 26 Ноябрь 2019 14:04

Түркістан облысы: Жетісай ауданында заманауи балабақша бар

 Жетісай ауданына қарасты Жаңа ауыл округінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында "Зубайда ана" бөбекжай бақшасы жұмыс істеп келеді. 2017 жылы ашылған аталмыш балабақшада 6 топ бар. Мұнда ауыл балаларынан 150 бала қамтылған. 

"Менің негізгі мақсатым туған ауылыма қызмет ету болатын. Бір күні теледидар қарап отырып Елбасымыздың "Балапан" бағдарламасы жайында айтып жатқан сөзін естідім. Шын ниетпен жұмыс істеймін деген адамға барлық мүмкіндіктің жасалатыны мені қуантты. Көп ойланбастан аталмыш бағдарлама арқылы еліме пайдамды тигізу мақсатында бірден құжаттар жинауға кірісіп кеттім" - дейді аталмыш балабақшаның құрылтайшысы Сардор Шавкиев. Мұнда балалар үшін барлық жағдай қарастырылған. Үш мезгіл тамағы, жатар орны, ән- би және тілдік оқыту үйірмелері жұмыс істейді. Бөбекжайда 33 адам қызмет етеді. Алдағы уақытта Жетісай ауданында балалардың ерте әлеуметтенуін қамтамасыз ету және әр баланың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, балалардың ақылын, өнегелі болуын, физикалық, эмоциялық дайындығын, әдептілігін дамыту мақсатында мұндай балабақшалар көптеп ашылмақ.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1006 times