Шара барысында қорық-музейдің экскурсоводы Д.Саидвакасов жиналған қауымға «Сыры терең Сауран» тақырыбында лекция жүргізіп, белгілі археолог Карл Байпақовтың бірнеше жыл ортағасырлық Сауран қаласында жүргізген қазба жұмыстары жайлы әңгімеледі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын насихаттау аясында қолға алынған басқосуда оқушылар көптеген сұрақтар қойып, жан-жақты пікір алмасты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.