Конференцияны ашып жүргізген С.Қалқаманов Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты нәтижесінде бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен татулықтың мекеніне айналғанын атап өтті. "Елбасымыздың Түркістан облысына, оның орталығы Түркістан қаласына ықыласы ерекше екенін білесіздер. Біздің алдымызда Елбасы сенімін ақтап, Түркістанды Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру үшін тер төгіп, аянбай еңбек етуіміз керек", - деді облыс әкімінің орынбасары.
Жақында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанға арнайы келгеніне тоқталған жазушы Мархабат Байғұт Елбасының сұңғылалығы мен даналығын, оның шынайы болмысын суреткер көзімен талдап айтып, тосын деректерді көпшілікке баяндады. Елбасының облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру жөніндегі Жарлығының арқасында Түркістан көркейіп, киелі шаһардың жылнамасы жарқын оқиғалармен толығып жатыр. Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұрынырақ жарық көрген «Президент пен перзент» кітабының жазылудағы ел білмейтін деректерімен бөлісті. Шарада Ұлт көшбасшысының Қазақстанды дамыту жолындағы қайраткерлігі, ұлтқа деген қызметі, тұлғалық қасиеті ашыла түсті.
Айта кетейік, Елбасы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері киелі Түркістан облысына 36 рет ресми сапарлап келген. Оның 36-шы сапары жуырда 4-5 қараша күндері болып өтті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.