Понедельник, 12 Ноябрь 2018 05:35

Түркістан облысы: Арыста «Отан – отбасынан басталады» атты байқау өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және «25 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымымен құрылған, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күніне» орай Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың мәдени мұрасын сақтау, салт-дәстүрлерін насихаттау, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, дарындыларға қолдау көрсету мақсатында «Отан – отбасынан басталады» атты байқау өтті.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Байқаудың үш кезеңі: Отбасын таныстыру, отбасылық өнер және үй тапсырмасы бойынша қала және ауылдық округтерден келген отбасылар қатысып атсалысты. Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Әлімбаевтар, І-орынды Искеновтер, ІІ-орынды Жұмабаевтар, ІІІ-орынды Байырбековтар отбасы иеленсе, Абуовтар, Өмірбаевтар, Смайловтар, Өтегеновтер отбасы ынталандыру сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды. Естеріңізге салар болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп атап өткен.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 1019 times