Вторник, 04 Декабрь 2018 10:32

Түркістан облысы: «Дәстүрлі құндылықтар керуені» - Төлеби ауданында

Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өркендеп, өсе түсуіне, елімізде дін саласындағы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне, ынтымақ пен бірліктің артуы бағытында аудан көлемінде біршама нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Төлеби ауданында өтті. 

Көшпелі керуеннің мақсаты облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру; деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу; мемлекет пен дін ара-қатынасындағы зайырлық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан Дауылбайұлы ашып, жүргізіп отырды.

Сондай-ақ басқосуға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Мәди Бесбаев, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Шолпан Мамытханова, Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, ауданның бас имамы Самат Анарбаев қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді. Жиын еркін формат түрінде өтті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1356 times