Шараның мақсаты - облыстық музейлерде ғасырлар бойы сақталған, облыстың тарихы мен тұлғаларының өмірінен сыр шертетін көне жәдігерлерді қала тұрғындары мен қонақтарына насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына сіңіру. Түркі әлемінің рухани астанасы атанған Түркістан қаласын болашақта төрткүл дүниеге танытып, туристердің көп шоғырланатын аймағына айналдыруға атсалысу болып табылады.
Көрмені облыс әкімдігінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, басқарма басшылары, өзге де облыстардан арнайы шақырылған қонақтар, музей және кітапхана қызметкерлері және "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келушілер тамашалады. Көрмеге күш атасы - Қажымұқанның, вальс падишасы - Шәмші Қалдаяқовтың киімдері мен Әбу Насыр әл-Фараби, Аппақ Ишанның құнды мұралары, тарихи - этнографиялық жәдігерлер мен қолөнер және қылқалам шеберлерінің туындылары қойылды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»