Түркістанның төріне жайдары жазбен бірге енген JAIDARMAN ойындарын ұйымдастырудағы басты мақсат - өркендеген, өзгерген рухани астананың жаңа келбетін жайдарманшы жастардың тілінде жұртшылыққа жеткізу. Осы арқылы қала жастарын жаңа қаланың келбетін қалыптастыруда белсенділікке шақыру. Кеш жүргізушісі ретінде арнайы шақыртылған Есен Елеукен «Қаланың мәдени орталыққа айналып, жастар қаласы болатынына сенім мол» - дейді.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің кубогына арналған жайдарманға еліміздің әр аймағынан 10 команда келіп, қатысты. Сондай-ақ, бұл күнде «Қазақстан КВН» одағының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Белгілі әзілкештер рухани шаһардың күн санап келіскен көркін әзіл әңгімеге қосып, жастарға ой салды. Қос қуанышта қызықты да тартысты ойын өрнегі көрініс тауып, позитивті қалжыңмен көрерменге керемет көңіл - күй сыйлады.
Сайыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласынан келген “Миллион” командасы жеңімпаз атанып, әкім кубогын иеленді. Екінші орынға Ақтөбелік «Фемида» командасы лайық деп танылса, үшінші орынды Талдықорған командасы «Шапалаққа» бұйырды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»