Понедельник, 01 Июль 2019 12:42

Түркістан қаласында «Жастар аллеясы» салынып жатыр

Түркістан қаласында облыс әкімінің тапсырмасынасәйкесхалық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланған болатын. Бүгінде солардың бірқатарының құрылысы басталып кетті. 

Нақтырақ айтсақ, шаһардағы бұрынғы «Селмаг» су қоймасының орнынан бой көтеретін «Жастар аллеясы» қала жастарының демалысы үшін тиімді әрі қолайлы орын болмақ. Мұнда спорт алаңдары (теннис корттары, волейбол, басткетбол алаңшалары) мен демалыс бастырмалары, субұрқақтар салынып, төңірек барынша абаттандырылады.

Қазіргі таңда 3,3 гектар жерді құрайтын аллеяның аумағы тегістеліп, тазалау жұмыстары жүргізілді. Ескі су қоймасының су құбырлары ауыстырылып, траншеялар қазылып жатыр. Субұрқақтар құрылысы басталып, бетондау жұмыстары жүргізіліп жатқанын да атап өту керек. Бұдан өзге демалыс орнының алдында автокөлікпен келушілерге ыңғайлы болу мақсатында арнайы автотұрақ та салынатын болады.

 «AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 939 times