«Шабыт» шығармашылық фестивалі өнерлі жастар арасында жүзден жүйрікті анықтайтын ашық алаңға айналды. Шараға жалпы 3000 – ға жуық үміткер қатысуда. Ең алғаш болып қаламыздың талантты жас әншілері өнерін көрсетіп, бақ сынады. Жастар халық және классикалық жанрдағы әндерді орындап, қазылар алқасының оң бағасын алды.
Шабыт - жастардың шығармашылығын қолдауға бағытталған шара. Бес бағыт бойынша жүреді. Оның ішіне ән, би, ұлттық аспаптар өнерін, суретшілер мен жас ақындарды қолдайтын жоба. Бұл сайысқа 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.Кіл мықтыдан шын мықтыны анықтайтын сайыста қазылыққа да өз саласының кәсіби мамандары таңдалған. Қазылар құрамында «Х-фактор» тележобасының жеңімпазы – Астана Қарғабай мен Мәдениет қайраткерлері Марат Өмірханұлы мен Хадиша Шалабаева да бар.
Сайыс соңында дәстүрлі орындау бойынша Әбдіразақ Сафура үздік атанып, бас жүлдені иеленді. Ал, топтық бәсекеде «Сарын» тобы жеңіске жетті. Эстрадалық вокал бойынша 1-орынды Қылыш Нұрислам, 2-орынды Көптілеу Нұрдәулет, 3-орынды Әлімбек Айзада қанжығалады. Шараның екінші кезеңі күй өнері мен көркем сурет, поэзия аталымы бойынша жалғасады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»