Аталған музейде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің, соғыс жылдарында тылдағы тауқымет тартқан тыл ардагерлерінің және 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің жәдігерлері жинақталған.
Ерлігімен жерін жауға таптатпай, бақытты ғұмыр сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпау керек екенін алға тартқан шаһар басшысы «Ерлік» музейі қызметінің ұрпақ тәрбиесінде маңызы мол екенін атап өтті. Жүздесуде тараптар қаланың мәдениеті мен халықтың әлеуметтік жағдайы, отбасы құндылықтары мен жастардың тәрбиесі сынды мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.