Зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметшілерден, этномәдени бірлестіктер мен және БАҚ өкілдерінен, белсенді жастардан құралған 30-ға жуық делегатты Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов пен университет президенті М.Б.Юнусов сәт-сапар тілеп, шығарып салған-ды. Үш күндік сапар барысында бірқатар кездесулер ұйымдастырылып, Ташкент, Самарқан, Бұхара қаласындағы тарихи орындарға зиярат жасады. Сондай-ақ Ташкенттегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Төле би бабамыздың мазаратына зиярат етті. Әрі қарай Самарқандағы Әмір Темір және Жалаңтөс баһадүрдің, Бұхарадағы Бахауддин Накшбандидің кесенесімен танысты. Сонымен қатар «Достық керуенінің» мүшелері Өзбекстан интернационалды мәдени орталығы мен Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығында болып, өзбекстандық қазақ жастарымен кездесті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.