Сонымен қатар мектеп оқушыларының қолынан шыққан туындылар да келушілердің қызығушылығын арттырды. Көрменің ерекшелігі – тамашалауға келген қонақтар мұндағы бұйымдарды тамашалап қана қоймай, сатып алу мүмкіндігін де иеленді. Төмен бағадағы қазақы бұйымдар көптің көңілінен шыққаны анық. Әсіресе, Бәйдібек ауданынан келген «Шеберлер» отбасысының бұйымдары сұранысқа ие болып жатты.
«Бұл көрме жыл сайын өткізіледі. Биыл бірнеше жас таланттарды тартуға тырыстық. Олардың шығармашылығын насихаттауды көздеп отырмыз» - дейді «Көрме орталығы» МКҚК директорының орынбасары Ғибадат Нажмеденов.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.