Суббота, 09 Ноябрь 2019 10:09

Түркістан облысы: Түлкібаста 6 мәдениет үйі пайдалануға берілді

Қаратау мен Алатаудың тоғысқан жері, киелі мекен Түлкібаста біршама ауқымды іс- шаралар атқарылды. Бүгінде ауданындағы тұрғындар саны 111 мыңнан асып жығылды. Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында алты бірдей мәдениет нысаны бой түзіп, ел игілігіне берілді.

Жаңадан жаңғырған мәдени нысандарында ауыл жастарына музыкалық және басқада да үйірмелер қарастырылып, бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдайлар жасалынған. 100-ден аса адамға есептелген мәдени нысандардың жөндеу жұмыстары мен қатар, аумағы толығымен қоршалып, абаттандырылған. Мәдениет үйінің ашылу салтанатына келген ауыл тұрғындарының қарасы қалың болды.

Сондай-ақ Шевцов атындағы жалпы орта мектеп жаңғыртылып ел игілігіне берілген. Тар және ескі жайда қысылып-қымтырылып білім алатын жеткіншектер ендігі уақытта заманауи үлгіде салынған әсем ғимаратта оқуын жалғастыратын болды. Жаңа оқу құралдарымен жабдықталған мектепте 456 оқушы бар. Балалар сапалы білім алу үшін мектеп жанынан қосымша ғимаратта салынып жатыр.

«Бізде мектеп күрделі жөндеуден өтіп тағыда қосымша ғимарат соғылып жатыр. Біздің барлық ұжымымыз және ата-аналарымыздың арқасында ұсыныс жасап бүгін осындай деңгейге ықпал жасағандарға алғысымыз шексіз» – дейді Шевцов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Гүлнар Бердиева. Жиын соңында әннен шашу шашылып, жыр төгілген мерекеде ана тілдің айбыны, мемлекеттік тілдің мәртебесі үстем болды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 743 times