Жастар жылы аясында ұйымдастырылған концерт халықаралық студенттер күнімен де тұспа-тұс келді. Аталған концертке аудан әкімі Бақтияр Мамаев арнайы қатысып, концерттің құрметті қонағы болды. Атабекке деген ыстық ықыласын білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Ақ тілегін айтып, алдағы істеріне сәттілік серік болуын тіледі. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінің директоры Н.Нұрекенова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Байназар, әжелер алқасының төрайымы Ү.Мұратбекова, зиялы қауым өкілдері де Атабектің әні мен өнеріне тәнті болды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған концертке 500-ден аса көрермен келіп, А.Рүстемовке қолдау білдірді. Мүмкіндігі шектеулі болса да, шексіз мүмкіндігі бар екенін дәлелдеген қайсар жігітке жиналғандар сүйсінді. Ерік-жігеріне қошемет көрсетті
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.