Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов сөз сөйлеп, үміткерлерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары республикаға ғана емес, ТМД еліне танымал ақын Ханбибі Есенқарақызының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығын насихаттау және жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өткен байқауға облыс аумағынан 30-ға тарта үміткер қатысып, ақтық сынға 17-сі іріктеліп шықты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Байқауға қатысқан жастардың арасында қазақтың аяулы ақын қызы секілді жыр жазып, көңілге тұнған өнермен өрнектеп жүрген жастарда бар екен. Олар болашақта Ханбибі апаларындай ақын болып, ел үшін қызмет еткілері келетіндерін жасырмады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»