Осы орайда Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінің тумасы, жеке кәсіпкер Бегалы Шералыұлы туып өскен ауылына «Ырысбайұлы-Шералы ата» халал дәмханасын салып берді. Мұнда ауыл тұрғындары кез келген уақытта ешқандай ақы төлемей-ақ құдайы, ауызашар өткізе алады. 30 млн. теңге көлемінде соғылған ғимарат 252 адамға арналған. Әлеуметтік маңызы бар нысан орындық, ыдыс-аяқ сынды керекті заттармен толық жабдықталған. Тек жақсы істерді жасауға ниет еткен азаматтар болса болғаны.
«Бөтен жердің гүлінен туған жердің тікені артық» - дейді қазақ. Әрбір отандасымыз кіндік қаны тамған, балғын балалық шағы өткен жеріне, ел алдындағы парызын өтеуге алдағы уақытта да ықпал ететініне сенімдіміз.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.