Шараның басты мақсаты Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани өнегелі өмірі, тәлім-тәрбиесі мол ұлағатты сөздерін жас өрендердің санасына сіңіру, жастардың дұрыс, тура жолмен жүріп-тұруына септігі тиетін хадистерді насихаттау болып табылады. Кеш барысында мәнерімен мәуліт оқылып, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз туралы мәліметтер баяндалып, көрермендерге көріністер көрсетілді. Ұлық мейрамда жыр-термелер де, күмбірлеген күйлер де ойналды. Сонымен қатар мерекеге орай «Нұртас» мейрамханасында дастарқан жайылып, құран оқытылды. Жиын соңында мұсылман қауім бір-бірін құттықтап, амандық-саулық тілесті. Мұндай шаралардың жамағатты рухани байытуда мол септігі тиері сөзсіз.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.