Четверг, 14 Ноябрь 2019 14:10

Түркістан шаһарында «Түркістаным – Тұраным!» думанды шарасы ұйымдастырылды

Осындай атаумен көне шаһарда ерекше думанды шоу өтті. Онда өнер жұлдыздары халық шығармалары мен бүгінгі жастардың сүйіп тыңдайтын әндерін орындады. «Шараның басты мақсаты қасиетті мекенді жасыл желекке бөлеп, қауіпсіз қалаға айналдыру», - дейді ұйымдастырушылар. 

Тарихи тұғырына қайта қонған Тұран даласынбүгінде әлем таниды. Мәдениет пен руханяттыұштастырған киелі қала күн санап өсіп, өркендеуде. Думанды кеш көпшіліктің көңіл көтеріп қоюды ғана емес, жастарды ұлтжандылыққа баулуды мақсат тұтады.  

«Түркістан облыс болағалы, күнде көркейіп жатыр. 10 күн үйіңнен шықпай қалсаң, Түркістан деген жаңаруда. Біздің әр түркістандықтың жүрегінде иманы бар, аузында Алласы бар. Сондай жастарымыз өсіп келе жатыр» - дейді Түркістан қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлжалғас Мұстафаева.

Елдің басты рухани байлығы, асыл мұрасы – ол өнер мен мәдениет. Түркістан – сол өнер мен мәдениеттің бастауы бола білген қала. Жаңа серпінмен бой түзеген тарихи шаһарды жас ұрпақ мақтан тұтады.

Думанды шоуда әннен бөлек «Мәңгілік елдің мәңгілік кітапханасы» атты көрме ұйымдастырылды. Ондағы мақсат облыстың тарихы мен тұлғаларының өмірінен сыр шертетін көне жәдігерлерді қала тұрғындары мен қонақтарына насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына сіңіру болатын. Шарада патриоттық бағытта көріністер қойылып, Түркістан аспаны әнге бөленді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 583 times