Вторник, 19 Ноябрь 2019 10:33

Түркістан облысы: «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен» атты байқау өтеді

Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 20 қарашада сағат 11.00-де "Жастар ресурстық орталығында" облыстағы мектепке дейінгі мекемелердің 4-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің қатысуымен «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен!» байқауы өтеді. Байқауға аудандық, қалалық байқаулардың 15 бүлдіршін жеңімпазы қатысатын болады. 

Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету, оны отбасында қолдану аясын кеңейту, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің кәсіпқойлығын арттыру. Сондай-ақ балабақша бүлдіршіндерінің қазақ тілінде сөйлеу деңгейін көтеруге, олардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттері мен белсенділіктерін арттыруға, сөздік қорларын молайтуға, өз ойларын тез әрі жылдам жеткізуіне ықпал ету.Ережеге сәйкес, қатысушылар үш тапсырманы орындауы тиіс. 1. «МЕН ЖӘНЕ БАЛАБАҚШАМ». Қатысушылар өздерін, отбасын және балабақшасын таныстыру рәсімі (1-2 мин.).2. «ОЙДЫҢ КӨРКІ – ТІЛ, ТІЛДІҢ КӨРКІ – СӨЗ». Суретке қарап тақырыпты тарқатып ашу, берілген тапсырманы бүлдіршін еркін сөйлеп, ойын ашық жеткізе білуі қажет (3-5 мин.).3. «АЛАҚАЙ, МЕНІҢ ӨНЕРІМ!». Өз өнерін көрсету (ән айту, би билеу, өлең айту, т.б.) (3 мин.). БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ: 87253371080, 87785664682, 87051468205.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1054 times