Жайдарман ойындары жастардың сахнада шыңдалуына сеп. Бәйдібек жұртын күлкіге бөлеген командалық жарыста жастар саяси, әлеуметтік әзілмен көрерменді баурап алды.
Қағытпа әзіл, сықақ ән айтылған сайыста ауыл жастарынан іріктелген құрама бақ сынады. Қатысушылар «Nur Otan» партиясының 20 жылда атқарған еңбегін дәріптеп, ұтымды әзілмен салмақты ой айта білді.
Сайыс тартысты өрбіді. Бас жүлде - «Жастар» командасында. Құрмет тұғырынан «Стар», «ҚМЖ», «Нұр витамин» топтары көрінді. Сондай-ақ үздік ойыншылар да марапатқа ие болды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.