Среда, 20 Ноябрь 2019 11:33

Түркістанда суретшілер байқауы ұйымдастырылды

Түркістанда «Туған жер – алтын бесігім» атты қалалық суретшілер байқауы өтті. Оған 16 мен 25 жас аралығындағы 15 үміткер қатысып, бақ сынады. «Түркістан – қауіпсіз қала» және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жүзеге асқан шара елге деген құрметті арттырып, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. 

Түркістанды түлету бағытында ұйымдастырылған шара қылқалам шеберлерінің шабытын асырып, тамаша көріністі қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік берді. Әр суреттің өзіндік мәні мен мағынасы және шығу тарихы бар. Жас суретшілер рухани шаһардың қасиетке толы мекендері мен сырға толы мәдени орындарын бейнеледі.  Әділқазы алқасы қатысушылардың ең бірінші суреттісалудағы негізгі идеясына, бояу шеберлігіне мән берді. Қара үзіп, дара шыққан үміткер Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің өнер факультетінің 4-курс студенті Шохнура Тажиметова бас жүлдеге ие болды. Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды.

«Бір ай бұрын, екі ай бұрын  жарияланады. Байқауға 20 шақты үміткер суреттерін әкеліп өткізген болатын. 15-ін таңдап алдық. Биыл екінші рет өтіп отыр. Бұл жерде университеттен, Ясауи колледжінен қатысуда» - дейді Түркістан қалалық мәдениет бөлімінің сектор меңгерушісі Жеңіскүл Романқұлова.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 637 times