Сонымен қатар 1-орынды да ауданның өнерлі жасы Нұрбек Түлеуқұл иеленді. Қазақ драма театрында өткен байқауға барлығы 40 шақты үміткер бақтарын сынап келген. Жеңімпаздардың ұстазы, вокал үйірмесінің жетекшісі Досымхан Сәкенұлының айтуынша, олар осы жетістікке жету үшін аянбай еңбек етіп, байқауға үлкен жауапкершілікпен дайындалған. Шәкірттерін өнер шыңына шығара білген, Аймақтық әлеуметтік иновациялық университетінде эстрада-вокал класын тәмәмдап, ауыл жастарының өнерге деген ынтасын ашу мақсатында ауданның өнер мектебінде жұмыс атқырып жүрген Д.Сәкенұлының да еңбегі еленіп «Үздік ұстаз» номинациясына ие болды. Оның арманы – ауданның атын шығарып, биік белестерді бағындыра алатын жастардың өнерін шыңдау.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.